Оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі. Мектепте тереңдетілген математика мен ағылшын тілі, қазақ тілінің бай мұрасы оқытылып, логика, шахмат, робототехника, домбыра, қолданбалы өнер секілді пәндер мен үйірмелер арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.
Қабылдау 0–11 сыныптарға жүргізіледі.
Оқыту тілі: қазақ
Қабылдау алдында диагностикалық тест немесе әңгімелесу өткізіледі
Мақсат — білім мен тәрбиені үйлестіріп, баланың қабілетін ашатын сенімді орта қалыптастыру.
Оркен мектебінің бағдарламасы — заманауи білім мен терең ойлауды ұштастырады
Академиялық бағытты күшейту
- Математика (Петерсон әдісімен) - Логикалық ойлау және олимпиадалық дайындық - Шахмат - IT және бағдарламалау - Робототехника - Ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалар
Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту
- Speaking club - Storytelling (ертегі, эссе, диалог жазу) - Ағылшын тілінде дебаттар - English Movie & Book Club - Шетелдік қонақтармен кездесу
Тұлғалық және шығармашылық даму
- Программалау негіздері - Логиканы дамытуға арналған арнайы курстар
Оркен мектебі – баланың зияткерлік, тілдік және шығармашылық әлеуетін толық ашатын орта!
Тегін қосымша үйірмелер – оқушылардың жан-жақты дамуына жол ашады!
Өркен мектебі оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту мақсатында әртүрлі бағыттағы қосымша үйірмелерді ұсынады. Үйірмелер аптаның арнайы кестесіне сәйкес өткізіледі және оқу үдерісіне кедергі келтірмейді.
English Club
Тілдік ортада еркін сөйлеуге, ойын жеткізуге үйретеді - 5-8 сыныптар
Математика
Негізгі есептеу дағдылары мен логиканы дамытады - 1-2 және 5-6 сыныптар
Логикалық ойлау мен есеп шығару қабілетін арттырады - 0-4 сыныптар
Хореография
Би қозғалыстары, ырғақ пен дене икемділігін дамытады - 0-5 сыныптар
Шахмат
стратегиялық ойлау мен зейінділікті дамытады - 0-4 сыныптар
Робототехника
Конструкторлармен жұмыс істеу арқылы техникалық ойлауды қалыптастырады - 0-4 сыныптар
Олимпиадалық бағыт (математика, логика және жаратылыстану)
Тереңдетілген пәндік дайындық, логика мен зерттеуге бағытталған - 3-8 сыныптар
Актерлік шеберлік
ортада, қоғамда өзін-өзі ұстау, сөз сөйлеу өнеріне баулиды - 1-4 сыныптар
Ағылшын тілі үйірмесі
ағылшын тілінің негіздері мен сөйлеу дағдысын дамытады – 0-2 және 5-8 сыныптар
Домбыра үйірмесі
Ұлттық аспапта ойнауды үйретеді, музыкалық талғамды қалыптастырады - 1-6 сыныптар
Бағдарламалау негіздері
Код жазу, логикалық тізбектер мен цифрлық сауаттылықты арттырады - 5-8 сыныптар
Балаңыздың әлеуетін бірге ашайық!
Барлық сабақтар тәжірибелі ұстаздар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіледі
Үйірмелер балалардың шығармашылығын, логикалық ойлауын, тілдік дағдысын және ғылыми қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ақылы үйірмелер
Ағылшын тілі;Қазақ тілі;IELTS;Фортепиано;Дзюдо
Тілді тереңдетіп меңгеру, сөйлеу, жазу және тыңдау дағдыларын дамыту;Тіл байлығын арттыру, әдеби нормада сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;Халықаралық емтиханға дайындық, академиялық және жалпы ағылшын тілі деңгейін арттыру;Музыкалық есту, нотамен ойнау және аспапта еркін ойнау дағдыларын қалыптастыру;Спорттық тәртіп, дене шымырлығы мен қорғану техникасын меңгеру
Мини футбол;Живопись / Сурет салу;Вокал;Заманауи би (Современные танцы)
Командалық ойын арқылы дене дайындығы мен тактикалық ойлауды дамыту;Бояу, композиция және шығармашылық көзқарасты дамыту;Ән айту техникасы, дауыс қою, сахналық мәдениет негіздері;Қозғалыс үйлесімділігі мен ырғақ сезімін дамыту